Шетелдерде Қазақстанның туы төмен түсірілді

0
1 312

Жырақта жүрген жерлестеріміз мен қандастарымыз да Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің ет жақындарына қайғырып көңіл айтып жатыр.


Шетелдерде Қазақстанның туы төмен түсірілді

ERNUR.KZ. Қазақстанның шетелдегі елшіліктері жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты ғимараттың төбесіндегі мемлекеттік туды төмен түсірді, деп жазады 24.kz.

Түркияның Анкара қаласында орналасқан Қазақстан елшілігі ғимаратында да мемлекеттік ту төмен түсірілді. Анталия мен Ыстамбұлдағы Бас консулдықтарымыз қара жамылды. Түркі мемлекеттері ұйымы мен Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы қазақ халқының қайғысына ортақ екендігін білдіріп, арнайы хабарлама жариялады.

Жырақта жүрген жерлестеріміз мен қандастарымыз да Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің ет жақындарына қайғырып көңіл айтып жатыр.

- Қазақстанымыздың Қарағанды облысында шахтада орын алған өрт салдарынан адамдардың қаза тапқанқандығы туралы қайғылы хабарды терең күйзеліспен естідік. Осы апатта қаза тапқандардың туған-туыстарына Түркия қазақтары атынан көңіл айтамыз. Бұл орны толмас ауыр қайғыларына ортақпыз. Зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз, - деді Жанымхан Жаналтай, Түркия қазағы.

Қалың елдің қабырғасын қайыстырған қаралы күнде Қазақстанның шет мемлекеттердегі мекемелеріне америкалықтар көңіл айтып жатыр. АҚШ астанасы Вашингтондағы 16-шы көшеде орналасқан Қазақстан Елшілігі байрақты түсіріп, қайғы жұтқан отбасыларға жұбату білдірді.