Шкафынан табылды: медбикенің бес нәрестеге жасаған сұмдық қылмысы әшкере болды

0
913

Сәбилердің несебінен морфий табылған, осыдан кейін клиника басшылығы құқық қорғау органдарына хабар берді


Шкафынан табылды: медбикенің бес нәрестеге жасаған сұмдық қылмысы әшкере болды

ERNUR.KZ. Германияның Ульм қаласында сот бес нәрестенің өміріне қастандық жасады деп айыпталған медбикенің ісін қарады. Ол сәбилерді морфиймен уландырмақ болған, деп жазады sputniknews.kz.

Оқиға былтыр 20 желтоқсанда болды. Ульмнің университеттік клиникасында жатқан бес сәбидің аяқ асты тыныс алуы қиындайды. Дәрігерлер нәрестелерді жансақтау бөлімшесіне аударған, үшеуін жасанды тыныс алдыру аппаратына қосуға тура келді. Абырой болғанда, барлығы да аман қалды.

Дәрігерлер бірнеше апта аурудың себебін анықтауға тырысты. Инфекция күдігі расталған жоқ, алайда сәбилердің несебінен морфий табылды. Осыдан кейін басшылық құқық қорғау органдарына хабар берді.

Полиция қызметкерлері сол түні кезекшілік жасаған екі дәрігер мен төрт медбикеден жауап алды. Кейін жұмыс орындарын тексеріп шықты. Бір медбикенің шкафынан балаларды емізуге арналған шприц табылды. Ол сәбилерге емшек сүті мен морфийді араластырып берген.

Тергеу нұсқасы бойынша медбике нәрестелерді әдейі улаған. Олардың өліп кетуі мүмкін екенін де білген. Алайда әйел өзіне тағылған айыпты жоққа шығарды.

Ол сот шешімімен тергеу аяқталғанға дейін түрмеде отырады.