Шотландияда ата-аналарға баласын ұруға тыйым салынбақ

0
960

Күш көрсетуге тыйым салуды парламент толық қолдайды.


Шотландияда ата-аналарға баласын ұруға тыйым салынбақ

ERNUR.KZ. «Шотландия ата-анасының баланы ұруын қылмыс санайтын Ұлыбританиядағы алғашқы мемлекетке айналады. Бүгінгі таңда бұл елде балаларды тәртіпке салу үшін белгілі бір мөлшерде күш көрсетуге рұқсат етілген. Дегенмен, Шотландия үкіметі балаларды ересектермен тең дәрежеде қорғайтын қадамды қолдады», деп жазады ҚазАқпарат.

Басылымның жазуынша, күш көрсетуге толық тыйым салуды парламент толық қолдайды. «1979 жылы ата-аналарға үйде өз баласын ұруға тыйым салған алғашқы мемлекет – Швеция. Ал Шотландияда заң қабылданса, ол 58-мемлекетке айналады», деп жазады автор.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Шотландияда ересектерге қол көтеру қылмыс саналады, бірақ балаларда ондай қорғаныс жоқ.

«Іс жүзінде бүгінгі таңда ата-аналар балаларына қол көтере алады, бірақ басынан ұруға, белгілі бір затпен ұруға болмайды. Заң қабылданса, балалар да қорғанатын болады. Ал мектепте және оқу орындарында балаларға күш көрсету мүлдем тыйым салынған», - деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, заңды өзгертуді лейбористер партиясы ұсынған. Ал қоғамдық пікірді зертетушілер Шотландияда көпшілігі бұл заңға қарсы екенін айтты.