ШҰҒЫЛ: АҚШ-тың тағы бір мектебінде атыс болды

0
1 555

​АҚШ-тың Мэриленд штатындағы мектепте атыс болды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ CNN арнасына сілтеме жасап.


ШҰҒЫЛ: АҚШ-тың тағы бір мектебінде атыс болды

фото: ашық дереккөздерден алынды

АҚШ-тың Мэриленд штатындағы мектепте атыс болды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ CNN арнасына сілтеме жасап.

Алдымен жергілікті БАҚ-та зардап шеккендердің көп екені айтылған еді. Алайда, ресми мәліметтерге қарағанда ауруханаға үш адам жеткізілген. Арасында атқыштың өзі де бар. Оның жағдайын дәрігерлер өте ауыр беп бағалады.

Оқушылардың бірі Twitter-де: "Сәлем, Twitter. Мен қазір Грейт-Миллс мектебіндемін. Мектептен шығар жолдарда тосқауыл болу қаупі зор. Бәлкім, өлгендер де бар шығар. Өтінемін, біз үшін мінәжат етіңіздерші», — деп жазды.

Сент-Мэри округі шерифінің кеңсесі Twitter арқылы оқиғаның болғанын растап, ата-аналарға перзенттерін сабаққа әкелмеуін өтінді.Аймақтың білім беру басқармасы жағдай бақылауда деп сендірді.

" Грейт-Миллс мектебінде атыс болды. Мектеп қоршауға алынған. Жағдай толығымен бақылауда. Шериф кеңсесінің өкілдері сол жерде жұмыс істеп жүр ", — делінген хабарламада.

Белгілі болғанындай мектеп дәлізіндегі атысты шәкірттердің бірі бастаған. Ол қыз балаға оқ атқан. Онымен бірге тағы бір оқушы жарақат алды. Әрі қарай шабуыл жасағанмен күзетші атысқан. Шерифтің сөзіне қарағанда мектеп күзеті атқышты жарақаттапты. Өзі дін аман.

фото: ашық дереккөздерден алынды

Қазір тергеуге табак және алкогольді өнімдер, жарылғыш заттар мен қару-жарақ мәселесі жөніндегі бюро да қосылды.

Айта кетейік, АҚШ-та мұндай жағдай 14 ақпанда, Парклендте орын алған еді. Сол кезде полиция мектептің түлегі Николас Крузды тұтқындаған. Сот оны 17 адамды қасқана өлтіргендікте тағы да 17 адамның өміріне қастандық жасағандықта айыптады. Айыптаушы жақ оған өлім жазасын талап етті. Осы оқиғадан соң елде мұғалімдерге қару алып жүруге рұқсат беретін заң қабылданды.