Швейцарияда өз-өзін өлтіруге арналған капсула заңдастырылды

0
1 169

​Өлгісі келетін адамның ақыл-есі дұрыс болуы керек.


Швейцарияда өз-өзін өлтіруге арналған капсула заңдастырылды

ERNUR.KZ. Адамды ауыртпай о дүниеге аттандыратын 3D принтер көмегімен жасалған Sarco капсуласы Швейцарияда заңды сараптамадан өтті, деп жазады Zakon.kz.

"Новая газетаның" мәліметінше, капсуланы науқас ішінен өзі іске қосады. Құрылғы кез-келген жерге жеткізеледі, мысалы, бұл ашық аспан асты немесе жабық бөлме болуы мүмкін.

Өлгісі келетін адамның ақыл-есі дұрыс болуы керек. Бұл процеске қатысушылар оның өмірімен қош айтысқысы келетін ерікті шешіміне көз жеткізу үшін сұрақтар қояды. Келісім алынған соң адам капсулаға кіріп, ішіндегі түймені баса алады.

Капсула оның ішін азотпен толтыратын механизммен жабдықталған, ауадағы оттегінің концентрациясын 21% - дан 1% - ға дейін тез төмендетеді. Адам есін жоғалтпас бұрын жеңіл эйфорияны сезінуі мүмкін. Мұның бәрі шамамен 30 секунд уақытты алады. Капсуланы жасаушылардың айтуынша, науқас тұншыққанын сезбей қалады.