Шыңжаңда құс тұмауынан жабайы аққулар қырылып қалды

0
1 102

Құлжа ауданы аумағын мекендеген жабайы аққулардың 15-і H5N6 құс тұмауының жоғары патогенді вирусы салдарынан қырылған.


Шыңжаңда құс тұмауынан жабайы аққулар қырылып қалды

ERNUR.KZ. Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде (ШҰАӨ) жабайы аққулар құс тұмауын жұқтырды, деп жазады ҚазАқпарат.

ҚХР Жануарлар ауруларын бақылау орталығының мәліметінше, Құлжа ауданы аумағын мекендеген жабайы аққулардың 15-і H5N6 құс тұмауының жоғары патогенді вирусы салдарынан қырылған.

Жергілікті құзырлы органдардың айтуынша, ол аумақта жалпы саны 150-ге жуық жабайы аққу мекендейді. Құс тұмауы індеті анықталғаннан кейін, қырылған аққулар залалсыздандырылып, аумаққа дезинфекция жасалған.