ШЫҰ елдерінің үкімет басшылары Пәкістанда бас қосады

0
304

Іс-шаралар 15-16 қазанда өтеді.


 ШЫҰ елдерінің үкімет басшылары Пәкістанда бас қосады

фото: Sputnik / Ольга Балашова

ERNUR.KZ. ШЫҰ елдерінің үкімет басшылары Пәкістанда бас қосады, деп жазады sputnik.kz.
15-16 қазанда өтетін іс-шараларға Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан және Өзбекстанның премьер-министрлері, сондай-ақ Иранның бірінші вице-президенті және Үндістанның жоғары өкілі қатысады.
Қатысушылар ШЫҰ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын тереңдету бойынша басым міндеттерді қарастырады. Атап айтқанда, саясаткерлер жаңа геосаяси жағдайға сәйкес ШЫҰ қызметін жан-жақты жаңғырту аясында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылайды. ШЫҰ-ның жаһандық экономикадағы проблемаларын шешудің келісілген тәсілдері қорытынды Бірлескен коммюникеде жазылады.
Сондай-ақ үкімет басшылары Беларусь Республикасының ұйымға қабылданғанын ескере отырып жаңартылған бюджетті, ШЫҰ аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымы хатшылығы мен атқару комитетінің штаттық кестелерін, 2017 жылғы 1 желтоқсандағы ШЫҰ бюджетін қалыптастыру және орындау тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекітеді.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) – Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан басшылары құрған тұрақты жұмыс істейтін халықаралық үкіметаралық ұйым. 2017 жылы Үндістан мен Пәкістан, 2023 жылы Иран, 2024 жылы Беларусь ШЫҰ-ға толыққанды мүше ретінде қабылданды.