Сөмкеден ақша "ұрлап" иесіне апарып берген тышқан желіні жарды (видео)

0
1 727

Ғалымдар егеуқұйрықтың ақылды мақылұқ екенін баяғыда ақ дәлелдеген. Тіпті оны үйретуге де болатынын дәледемек болғандар да бар. Мамандардың айтуынша, кеміргішті бегілі бір дағдыға үйрету үшін кемінде 15-25 минут жаттығу өткізіп тұру керек екен.


Сөмкеден ақша

Әлеуметтік желіде аузы жабық сөмкеден АҚШ валютасы - долларды алып, иесіне апарып берген егеуқұйрықтың видеосы пайда болды. Бейнетаспадан көрініп тұрғанындай, кеміргіш сөмкені өзі ашып, оның ішінен әмиянды шығарып алады. Содан соң портмонеден ақшаны алып, иесіне апарып береді.

Видеоның астындағы жазбаға қарағанда испан тілді мемлекетте түсірілген деп болжауға болады.

Мұны көрген желі қолданушылары сан қилы пікірлерін білдіріп жатыр. Арасында банктен ақша ұрлауды үйренген тышқан туралы әпсананы еске алғандары да бар. Алайда, мына видео сол "аңызды" шындыққа айналдығандай.

Ғалымдар егеуқұйрықтың ақылды мақылұқ екенін баяғыда ақ дәлелдеген. Тіпті оны үйретуге де болатынын дәледемек болғандар да бар. Мамандардың айтуынша, кеміргішті бегілі бір дағдыға үйрету үшін 15-25 минуттан күнде жаттығу өткізіп тұру керек екен.

Ал, мына егеуқұйрықтың ақша ұрлауға қанша жаттықаны тек егесіне ғана аян.

видео желіден алынды.