Соңғы 15 жылда алғаш рет құс тұмауынан кісі өлімі тіркелді

0
563

Оқиға Үндістанда болған.


Соңғы 15 жылда алғаш рет құс тұмауынан кісі өлімі тіркелді

ERNUR.KZ. Үндістанда құс тұмауынан адам өлімінің алғашқы жағдайы тіркелді. 20 шілдеде 11 жастағы бала аталған ауру салдарынан қайтыс болды, деп жазады Azattyq Rýhy.

The Times of India газетінің хабарлауынша, бала Медициналық ғылымдар институтына 2 шілдеде қызба мен жөтелмен жеткізілген.

«Біз оны COVID-19 ауруы деп ойладық. Бірақ сынақтар теріс болған кезде, одан әрі зерттеулер баланың «құс» немесе «тауық» тұмауы вирусынан туындаған инфекциядан зардап шеккенін анықтады», - дейді дереккөз.

Қазір баламен байланысқан адамдарды іздеу және анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы 15 жыл ішінде Үндістанда құс тұмауы бірнеше рет өршіді. Алайда, осы ауруға байланысты елде адам өлімі ресми түрде тіркелген жоқ. Денсаулық сақтау мамандары бұл жағдайға алаңдаулы.

«Құс тұмауы құстарда жиі кездеседі, бірақ кейде адамдарға да беріледі. Ол өкпеден, мұрыннан алады. Оның симптомы жалпы суық тиюдің белгілерімен ұқсас. Әлемде осы инфекциядан адамдардың өлімі көп тіркелді. Тәуекел тобында балалар мен қарттар, сондай-ақ созылмалы аурулармен ауыратын адамдар бар», - дейді басылым.

2021 жылдың қаңтар айында Үндістанда құс тұмауының күшті өршуі байқалды. Бұл вирус Химачал-Прадеш, Мадхья-Прадеш, Керала, Раджастхан, Уттар-Прадеш, Харьяна, Гуджарат, Махараштра штаттарында, сондай-ақ Дели астаналық округінде өлген жабайы және үй құстарында расталды.