Түнгі клубта жөндеу жұмыстары жүріп жатқан.
ERNUR.KZ. Стамбулда жөндеу жұмысы жүріп жатқан түнгі клубтағы өрттен 30-ға жуық адам қаза болды, деп жазады inbusiness.kz.
Стамбул губернаторы Давут Гүлдің айтуынша, өрт жергілікті уақыт бойынша сағат 12:47-де 16 қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде басталған. Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан клуб жертөленің екі қабатында орналасқан.
Кейінгі мәлімет бойынша, өрттен көз жұмғандардың бәрі жұмысшы болған.
Түрік ақпарат құралдарының жазуынша, өртке байланысты алты адам ұсталған.