Суданда 130 әйел жыныстық зорлықтан жалтару үшін үшін өз-өзіне қол жұмсаған

0
471

Бұл тек белгілі жағдайлар, әйелдердің өз-өзіне қол жұмсау фактілері нақты статистикадан әлдеқайда көп.


Суданда 130 әйел жыныстық зорлықтан жалтару үшін үшін өз-өзіне қол жұмсаған

Фото: Pixabay.com

ERNUR.KZ. Суданда 130 әйел жыныстық зорлық-зомбылықтан құтылу үшін өз-өзіне қол жұмсады, олардың көпшілігі құқық қорғау органдарын айыптады. Бұл туралы Нигерияның «News Central» телеарнасының эфирінде құқық қорғаушы Хала Аль-Кариб мәлімдеді, деп жазады inform.kz.

Оның айтуынша, бұл тек белгілі жағдайлар, әйелдердің өз-өзіне қол жұмсау фактілері нақты статистикадан әлдеқайда көп.

БҰҰ миссиясы сонымен қатар Судандағы жыныстық зорлық-зомбылық туралы хабарлап, оның ауқымын «жаға ұстарлық» деп сипаттады.

Топтық зорлау, жыныстық құлдық және мәжбүрлі некеге тұрудың құрбандары 8 бен 75 жас аралығындағы әйелдер. Құқық қорғаушылар бұл қылмыстардың көпшілігіне Судан жедел әрекет ету күштерінің мүшелерін кінәлайды. 2023 жылы олар мен Судан қарулы күштері арасында қарулы қақтығыс басталып, нәтижесінде 14 миллион адам босқынға айналған.

Хала Аль-Карибтің айтуынша, көптеген қалаларда қақтығыста жеңген тараптың сарбаздары әйелдер мен қыздарды лагерьлеріне апарады, сол жерде оларды қорлайды немесе адамгершілікке жатпайтын жағдайда ұстап, жыныстық құлдыққа мәжбүрлейді.

2024 жылы елде тұтқынға алынған қыздарды күштеп күйеуге беру фактілері күрт өскен. Құқық қорғаушы бірер күн бұрын әскерилер бір ауылды басып алып, ер-азаматтары өлтірілгенде олардың қолына түспеу үшін 100-ден астам әйел өз-өзіне қол жұмсағанын айтты.

Елдегі тәуелсіз халықаралық фактілерді анықтау миссиясының жетекшісі Мухаммад Чанде Османның айтуынша, қазіргі уақытта Суданда қауіпсіз орын атымен жоқ.