Шамадан тыс ауыр салмақты көтере алмаған кеме су түбіне кеткен.
ERNUR.KZ. Суданның Суакин айлағының билігі Қызыл теңізге экологиялық қауіп төніп тұрғанын мәлім етті. Бұл өте көп мөлшерде мал алып бара жатқан кеменің суға кетуімен байланысты болып отыр, деп жазады ҚазАқпарат.
Кемеде Сауд Арабиясына жеткізілуі тиіс 15 800 қой бар болатын. Алайда шамадан тыс ауыр салмақты көтере алмаған кеме су түбіне кетті. Оқиға 11 маусым күні кешке болды.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының кейбірінің есебі бойынша, малдан келген шығын 4 млн долларды құрап отыр. Кеменің қуаты мұндай салмаққа есептелмеген. Әуелде кеменің тек 9 мың бас малды тасымалдай алатын айтылған.
Суакин айлағы Суданның солтүстік-шығысында, Қызыл теңіздің жағасында орналасқан. Бұрын ол Қызыл теңізге жағалауында орналасқан, осы өңірдегі ең басты айлақ болатын. Қазір ол солтүстікке қарай 60 км қашықтықта орналасқан Судан айлағынан кейін, екінші маңыздағы порт.