Сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасамақ болған жігіт жол апатын ұйымдастырды (видео)

0
1 695

Сүйіктісіне "иә" деп жауап берген бойжеткен көз жасын тоқтата алмады


Сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасамақ болған жігіт жол апатын ұйымдастырды (видео)

фото:NUR.KZ

ERNUR.KZ. Филиппинде сүйіктісіне ерекше түрде тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасамақ болған әскери жігіт "мерт болды", деп жазады NUR.KZ.

Азамат полициямен алдын-ала келісіп, көлік ағылған жолда мотоциклінің жанына жатады. Ол сүйіктісін таңғалдыру үшін жол-көлік апаты орын алғандай кейіп танытқан.

Полиция қызметкері қалыңдықты оқиға орнына шақырып, оған жігітінің жағдайы өте қиын екенін айтады. Әбден дегбірі қашқан ару ғашығына жүгіріп келгенде ол қайта "тіріліп кетіп", қалтасынан неке сақинасын шығарған.

Идеясы ерекше сүйіктісіне "иә" деп жауап берген бойжеткен көз жасын тоқтата алмады.