Сұлулық байқауына қатысқан ару сахнада құлап, іш киімсіз қалды (видео)

0
1 468

Оның іш киімі сол күйі сахнаның үстінде, келесі модель шыққанша жатқан.


Сұлулық байқауына қатысқан ару сахнада құлап, іш киімсіз қалды (видео)

ERNUR.KZ. Сұлулық байқауына қатысқан 23 жастағы Селин Ван Оутсель сахнада құлап, ыңғайсыз жағдаға түсті. Алайда еш саспастан орнынан тұрып, басын тік ұстаған бойжеткен бауқауда бірінші орын алып, "Бельгия аруы - 2020" титулына ие болды, деп жазады kaz.nur.kz.

Сұлулық байқауы тікелей эфирде өтіп жатты. Сахнаға шыққан 23 жастағы ару сахнадағы баспалдақтан түсіп келе жатқан кезде тепе-теңдікті жоғалтып, тізесімен жерге құлады. Ал бойжеткен орнынан тұрып бара жатқан кезде дәл сахнаның үстіне оның іш киімі түсіп кетті.

Десе де Селин саспай, орнынан тұрпы, жымиды деп хабарлайды Mirror. Ал оның іш киімі сол күйі сахнаның үстінде, келесі модель шыққанша жатты.

Ролик әп-сәтте желіге тарады. Селин дегеніне жетіп, "Бельгия аруы - 2020" титулына ие болды. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында өзін қолдаған барша жандарға алғыс білдіріп, өмірде күтпеген жағдайлардың орын алатынын атап өтті.