Сурет арқылы тағамның құнарлылығын анықтайтын мобильдік қосымша пайда болды

0
1 037

Қосымшаның анықтау дәлдігі – 80%.


Сурет арқылы тағамның құнарлылығын анықтайтын мобильдік қосымша пайда болды

ERNUR.KZ. Канаданың МакГилл университетінің программистері тағамының әрбір калориясын есептейтіндерге арналған мобильдік қосымшаны таныстырды, деп жазады baq.kz.

Аталмыш қосымша тағамның фотосын түсіргеннен кейін, оның құрамындағы азық-түлікті анықтауға кіріседі. Артынша ингредиенттердің тізімін, олардың мөлшерін, тағамдық құнарлылығын, бұдан бөлек тағамдағы май, ақуыз, көмірсу, тұз, холестерин мөлшерін, тіпті кейбір дәруменді де анықтап беретін көрінеді.

Қосымшаның анықтау дәлдігі ­­– 80%.

Қосымшаның сипаттамасы arXiv порталында толығырақ сипатталған.

Бұған дейін канадалық инженерлер селфи арқылы артериалық қысымды өлшеп беретін мобильдік қосымшаны ойлап тапқаны хабарланған болатын.