​Сынақтан өте алмаған түлек бесінші қабаттан секіріп кетті

0
1 318

Емтиханда оқу орнына түсуге қажетті балл жинай алмаған оқушыға үйге келгесін анасы ұрысқан.


​Сынақтан өте алмаған түлек бесінші қабаттан секіріп кетті

фото novosti.az

Әзербайжанның Сумгайыт қаласында емтихан тапсыра алмаған түлек өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

17 жастағы бозбала өз үйінің бесінші қабатынан секіріп кеткен.

Тергеу барысында суицидтің күндіз сағат төрт шамасында болғаны анықталды. Емтиханда оқу орнына түсуге қажетті балл жинай алмаған оқушыға үйге келгесін анасы ұрысқан. Анасының сөзіне ашуланған ол жанжал кезінде балконға шығып, секіріп кеткен.

Бұл факті бойынша Әзербайжанның қылмыстық кодексінің 125-бабы (өзін-өзі өлтіруге жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп мәлімдеді Сумгайыт қаласының прокуратурасы.