Таиландта атыс болып, 17 адам қаза тапты

0
550

Адамдарды кепілге алған қылмыскер Таиланд армиясының әскери қызметкері Чакрапант Тхомма екені анықталған.


Таиландта атыс болып, 17 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Таиландтың солтүстік-шығысындағы Накхонратчасима қаласында болған атыстан қаза тапқандар саны 17-ге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еске сала кетсек, Накхонратчасимада әскери қызметкер көшедегі адамдарға оқ жаудырып, 16 адамды кепілдікке алған болатын.

Khaosod газетінің хабарлауынша, әскери қызметкер шабуыл алдында сыбайлас жемқорлыққа байланысты бірнеше шенеунікті сынаған. Бұған дейін оның Таиланд армиясының әскери қызметкері Чакрапант Тхомма екені хабарланған. Ол өзінің әскери қолбасшысы мен екі адамды атып тастады, кейін ұрланған көлікпен қашып кеткен. Сауда орталығына бара жатқан жолда қаскөй бейбіт тұрғындарға оқ жаудырған. Ол өз әрекеттерін Facebook арқылы таратып, біраз уақыттан кейін оның парақшасы бұғатталды.