Тәліптер жүкті полицей әйелді өлтірді

0
541

Әйелді күйеуі мен балаларының көзінше атып тастады.


Тәліптер жүкті полицей әйелді өлтірді

ERNUR.KZ. Ауғанстандағы Гор провинциясының астанасы Чагчаран қаласында «Талибан» қозғалысының содырлары (Қазақстанда тыйым салынған) Бану Негар есімді полицей әйелді күйеуі мен балаларының көзінше атып тастады, деп жазады inbusiness.kz.

Ресми дерек бойынша, әйел адам жүкті болған, жергілікті түрмеде жұмыс істеген. Қару асынған тәліптер 4 қыркүйек күні оның үйіне баса-көктеп кірген. Олар үйді тінтіп, Негардың туыстарын байлап тастаған.

«Талибан» өкілдері бұл оқиғаға қатысы жоқ екенін айтып отыр. Ұйымның өкілі Забиулла Муджахидтің сөзінше, қазіргі билік осы жайтқа қатысты тергеу амалдарын жүргізуде.

Бұған дейін Ауғанстанның Газни провинциясында содырлар әйелдерді жергілікті радиостанцияларға жұмысқа алуға тыйым салған еді. БҰҰ құқық қорғаушыларының айтуынша, қазіргі уақытта Ауғанстан әйелдерінің құқығы өрескел тапталып жатыр. Оларға мектептерге баруға тыйым салынды.