Танымал адамдарға қаржы өнімдерін жарнамалауға тыйым салынбақшы

0
697

Қытайдың қаржы нарығын реттеушісі компанияларға интернетте қаржы өнімдерін жарнамалау үшін танымал адамдарды тартуға тыйым салмақшы.


Танымал адамдарға қаржы өнімдерін жарнамалауға тыйым салынбақшы

ERNUR.KZ. Бұл туралы қаржы өнімдерінің онлайн маркетингісін басқару жөніндегі нұсқаулықтың жарияланған жобасында айтылған, деп жазады ҚазАқпарат.

Ұсынылған ережеге сәйкес, қаржы мекемелеріне қаржы өнімдерін жарнамалау үшін «қытайлық орындау өнерінің шеберлерін» тартуға тыйым салынады.

Мұндай тыйым косметика, киім-кешек және мобильді телефон жарнамаларына да салынады. Құжат жобасында тікелей эфирлер мен әлеуметтік медиа платформалар арқылы қаржы өнімдерінің онлайн-маркетингісіне қатысатын тұлғалардың қаржы институттарының өзінде жұмыс істеуі және тиісті кәсіби (қаржылық) біліктілікке ие болуы тиіс екендігі баса айтылған.

2021 жылдың қарашасында бағалы қағаздар бойынша Қытай реттеушісі интернет-платформаларға тікелей трансляциялар арқылы акцияларын жарнамалауға тыйым салынған болатын.