Ташкенттегі жарылыс кезінде 15 жастағы бала қаза тапты

0
531

160-тан астам адам зардап шекті.


Ташкенттегі жарылыс кезінде 15 жастағы бала қаза тапты

ERNUR.KZ. Ташкенттегі қоймадағы жарылыс салдарынан 15 жасар оқушы қаза тауып, 163 адам зардап шекті, деп жазады inbusiness.kz.

"Жарылыс кезінде 2006 жылы туған жасөспірімнің үсіне терез құлап, бала сол жерде мерт болыд", — делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Ташкенттегі жарылыс пен өрттен зардап шеккендердің жалпы саны 163 адамды құрайды, олардың 24-і ауруханаға жатқызылған.

Өзбекстан ТЖМ хабарлағандай, арты өртке ұласқан жарылыс өткен түні сағат 02:43-те (Астана уақытымен 03:43) әуежай маңындағы Ташкент өнеркәсіптік қоймаларының бірінде болған. Оқиға орнына 16 өрт сөндіру бригадасы мен 3 жүк көлігінің жүргізушісі сағат 02:48-де жеткен.

Uzbekistan Airports ақ бұл оқиға елорда әуежайының жұмысына әсер етпегенін хабарлады.
Қала билігі жарылыс пен өрттен зардап шеккен үйлердің тұрғындарына келтірілген залалды өтейтіндерін атап өтті.