Таулы аймақта найзағай түсіп 100-ден астам қой-ешкі қырылып қалды

0
1 339

Бұл елдегі соңғы жылда найзағай соғуы салдарынан қырылған малдың ең көп саны болып табылады


Таулы аймақта найзағай түсіп 100-ден астам қой-ешкі қырылып қалды

ERNUR.KZ. Үндістанның солтүстігінде найзағай соғуы салдарынан кем дегенде 107 қой мен ешкі өртеніп кеткен, деп жазады ktk.kz.

Оқиға Джамму мен Кашмио штатының Раджури таулы аймағында болған. Деректерге сүйенсек, малдың жаппай қырылуы туралы ақпарат өткен аптаның соңында келген. Аудандық жоғарғы лауазымды тұлғалар оқиға орын болған жерге дереу жеткен.

Жергілікті билік оқиға орнына полиция тобын жіберген. Дүйсенбіге қарай полицейлер жануарлардың жай түсіп, өлгендіктерін растады. Үнді БАҚ-тарының хабарлауынша, бұл осы елде соңғы жылда найзағай соғуы салдарынан қырылған малдың ең көп саны болып табылады.