Таулы Қарабақтан көшіп жатқан армяндар ағаштарды жаппай шауып жатыр

0
819

Көшіп жатқан тұрғындар өз үйлерін өртеумен тоқтамай, өсіп тұрған талдың бәрін шауып жатыр.


Таулы Қарабақтан көшіп жатқан армяндар ағаштарды жаппай шауып жатыр

ERNUR.KZ. Қарабақтағы Карвачар ауданында жергілікті тұрғындар мен армян әскерилерін эвакуациялау жалғасып жатыр. Көшіп жатқан тұрғындар өз үйлерін өртеумен тоқтамай, өсіп тұрған талдың бәрін шауып жатыр. Бұталған ағашты олар Арменияға әкетуде, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бір сәтте барынан айырылған адамдар тіпті, өздері отырғызған ағаштарды да Әзірбайжанға тастап кеткісі келмейді, делінген аталған ақпарат агенттігі таратқан хабарламада.

«Армяндар жол бойында өсіп тұрған ағаштарды аралап кесіп, жүк көліктеріне тиеп әкетіп жатыр. Тіпті, жеңіл көлікпен де тасып жатқандары бар. Олар алып кете алатынның бәрін алып кетті, шамасы келмегенін өртеп жатыр», - дейді жергілікті БАҚ өкілдері.

Әзірбайжан бақылауына өткен ауылдың тұрғыны журналистерге не үшін мұндай қадамға барғанын айтып түсіндірді.

«Мұның бәрі біздің үйлер, бәрін өртеп кетеміз. Басқа амал қанша? Түріктерге тастап кетеміз бе? Біз жерімізді берген жоқпыз, үйімізді бердік, енді жүректе сәл де болса жұбаныш болу үшін бәрін өртеп жатырмыз», - деді ер адам.