Спорт секцияларында ашық аспан астында жаттығуға тыйым салынған.
ERNUR.KZ. Шаһардағы көк түтінге көліктердің көптігі және зауыттардан бөлінетін зиянды қалдықтар себеп, деп жазады 24.kz.
Бұған қоса, температураның күрт төмендеуі де түрткі болды. Иран астанасындағы ауаның ластану индексі 160 бірлікке дейін жетіп отыр. Дәрігерлердің сөзінше, бұл адам денсаулығына өте зиян. Қазір Тегераннан басқа да қалаларда экологиялық жағдай тым қиын дейді мамандар.