Telegram мессенджері енді тұлғалардың ресми құжаттарын жүктей алады

0
1 264

Telegram Passport көмегімен мессенджер қолданушылары басқа қызмет көрсету орталығында жеке тұлғаны идентификациялау арқылы тіркеле алады.


Telegram мессенджері енді тұлғалардың ресми құжаттарын жүктей алады

ERNUR.KZ. Telegram мессенджері енді ресми түрде қолданушылардың деректерін сақтайтын Telegram Passport қызметін іске қосты, деп жазады Tengrinews.kz.

Атап айтқанда, Telegram Passport қызмет көрсету паспорт дерегін, шетелге шығу құжатын, жүргізуші куәлігін, банк шотының сұранымдары және тағы да басқа құжаттарды жүктей алады. «Барлық қолданушының ақпараты сенімді шифрлеу әдісі арқылы қорғалған», - делінген компанияның ресми сайтында.

Айта кетейік, Telegram Passport көмегімен мессенджер қолданушылары басқа қызмет көрсету орталығында жеке тұлғаны идентификациялау арқылы тіркеле алады.

"Тез арада біз Telegram Passport-та үшінші тараптан тексеріс қызметін қосамыз. Осылайша, кейбір қызмет көрсетулерде сіз жайлы деректерді сұрап та қоймайды. Оның орнына олар Telegram тіркеу жазбасы тексерілгенін және қолданушы шынайы адам екенін біле алады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бұл қосымшаны ойлап тапқандар қолданушылардың ақпаратын басқалар Telegram Passport арқылы көре алмайтынына кәміл сендіріп отыр.