Тибет тауларында қар көшкіні салдарынан екі альпинист қаза тапты

0
862

Қар көшкіні теңіз деңгейінен 7,6 мың және 8 мың метр биіктікте жүрген.


Тибет тауларында қар көшкіні салдарынан екі альпинист қаза тапты

ERNUR.KZ. Тибет тауларында қар көшкіні салдарынан екі альпинист қаза тапты, деп жазады tengritravel.kz.

Агенттік мәліметінше, 7 қазанда Қытайдың Тибет автономиялық ауданындағы Шигадзе уезінің территориясында орналасқан Шишабангма тауының шыңынан қар көшкіні жүрген.

"Екі альпинист қаза тапты, екеуі із-түссіз жоғалып кетті, тағы біреуі ауыр жарақат алды. Құтқару жұмыстары жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Агенттік мәліметінше, қаза тапқандардың бірі АҚШ азаматы, екіншісі - Непалдан.

Қар көшкіні теңіз деңгейінен 7,6 мың және 8 мың метр биіктікте жүрген.

Айта кетейік, альпинистер Гималайға шығу үшін қазан айын көп таңдайды. Алайда ғалымдар жаһандық жылыну биіктаулы аймақтарда қар көшкіні жүру қауіпін күшейтетінін айтады.