​Тіл білмеген мемлекеттік қызметкер қызметінен кетеді

0
2 186

Қырғыз тілін білмеген мемлекеттік қызметкер — қызметінен кетеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Тіл білмеген мемлекеттік қызметкер қызметінен кетеді

Қырғыз тілін білмеген мемлекеттік қызметкер — қызметінен кетеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. arhar.kz сайтына сілтеме жасап.

Егер мемлекеттік қызметкерлер қырғыз тілінде болатын емтиханда өз ойын еркін әрі ашық жеткізіп, жеткілікті балды жинай алмаса, онда қызметінен кетеді. Бірақ балл жинай алмаған шенеуніктер емтиханды қайта тапсыра алады.

«Қырғызтест» мемлекеттік мекемесінің басшысы Батма Топоеваның айтуынша, ағымдағы жылда 30 мың мемлекеттік қызметкер емтихан тапсыруы қажет. Қазіргі таңда тек 1221 шенеунік тест тапсырған. Комиссия мүшелерінің хабарлауынша, осыған дейін қырғыз тілін үйреніп бастаған шенеуніктер жеткілікті дәрежеде нәтиже көрсете алмаған.