ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев күн тәртібінде 13 мәселе мен 17 жобалық құжат бар екенін айтқан еді.
Фото: Александр Павский/ Kazinform
ERNUR.KZ. ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев шағын құрамда өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысын қорытындылады, деп жазады inform.kz.
— Барлық өзекті тақырыптар бойынша ашық және сындарлы әңгіме өрбіді. Сонымен қатар, ТМД салалық ынтымақтастық органдарының қызметін талдау бойынша шағын құрамда хаттамалық шешімдер қабылданды. Сондай-ақ Сыртқы істер министрлері кеңесінің келесі отырысы 2025 жылдың 9 қазанында Душанбеде өтеді, — деді ол.
ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің төрағасы, Тәжікстанның Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин Достастыққа төрағалығы сабақтастық пен әрбір қатысушы мемлекеттің пікірін құрметтеу қағидаттары негізінде жалғасатынын атап өтті.
— Өзара тиімді ынтымақтастық пен іс-қимыл Тәжікстан төрағалығы жұмысының негізгі элементтері. Мен шағын құрамда атап өткенімдей, соңғы төрт айда Тәжікстан қатысушы мемлекеттер мен ТМД Атқару комитеті тарапынан шынайы қызығушылықты сезінді. Біз барлық астаналардың белгіленген басымдықтарды жүзеге асыруда елімізге қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін көріп отырмыз, — деді министр.
Бұған дейін ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев күн тәртібінде 13 мәселе мен 17 жобалық құжат бар екенін айтқан еді.