Ол бірден ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер орташа деңгейдегі жарақат алғанын айтып отыр. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
ERNUR.KZ. Ресейдің Ханты-Мансийск автономды округінің Излучинск елдімекенінде тоғызыншы қабаттан құлап түскен әйел бірден тұрып, көршілеріне кетті. Куәгерлердің бірі оқиғаны видеоға түсіріп үлгерген, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Кадрден әйелдің биіктіктен омбы қарға құлап түскенін көруге болады. Бұдан кейін ол бірден тұрып, көршілерінен жедел жәрдем шақыруды сұраған.
Ол Нижневартовск ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер орташа деңгейдегі жарақат алғанын айтты. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Тергеу комитеті тексеріс жүргізіп жатыр.