Тойға шақыру билетіне "Сау болсаңыз ғана келіңіз" деп жазу міндеттеледі

0
3 194

Елде той және жерлеу рәсімдерін өткізгенде 100 адамнан артық жиналуға болмайды.


Тойға шақыру билетіне

ERNUR.KZ. Бүгін Өзбекстанда карантиндік шаралар күшейтілді. Бұндай шешімді көрші елдің республикалық комиссиясы қабылдады, деп хабарлайды Хабар24.

Енді Өзбекстанда отбасылық мейрамдар, той және жерлеу рәсімдерін өткізгенде 100 адамнан артық жиналуға болмайды.

Ал театр, концерт тамашалауға барғанда тұрғындар міндетті түрде бетперде тағуы керек. Келген көрермендердің саны да 50 проценттен аспауы тиіс. Ал билеттерге «Сау болсаңыз ғана келіңіз» деп, жазу міндеттеледі. Жалпы қазіргі таңда көрші елде эпид ахуал ушығып барады.

Бүгінде 82 мың 869 адам инфекция жұқтырып, 600-ден астамы көз жұмған.

- Карантиннің күшеюі бәріміз үшін оңай емес. Адамдар жұмыссыз, табыссыз қалады ғой. Сондықтан карантиннің күшеюіне қарсымын.

- Өзбекстанда той көп. Келетін адамдардың да санында шек жоқ. Қазір енді 100 адамды ғана шақыруға болады. Бұл қауіптің бетін қайтарады деп ойлаймын.