Трамп әскерге Мексика шекарасындағы мигранттарды атуға рұқсат берді

0
1 369

Құрама Штаттардың оңтүстік шекарасына Латын Америкасынан шыққан мигранттардың көші жақындап келеді. Олар босқын мәртебесін сұрауды көздеген.


Трамп әскерге Мексика шекарасындағы мигранттарды атуға рұқсат берді

ERNUR.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп әскерге Мексикамен шекарада Орталық Америкадан келген мигранттарға қажет болған жағдайда оқ атуға рұқсат берді, деп жазады centralasian.org.

Трамптың айтуынша, мигранттар арасында жүздеген қылмыскер бар, сол себепті оның "бұдан басқа амалы қалмаған". Дегенмен президент мигранттарға оқ атудың қажеті болмас деген үмітін жасырмады. Ақ Үй басшысы АҚШ-тың Мексикамен шекарасын жауып тастауы мүмкін екенін мәлімдеді.

Осы аптада АҚШ қорғаныс министрлігі кеден қызметкерлеріне немесе шекара күзетшілерінің өміріне қауіп төнсе және тәртіпсіздік болған жағдайда мигранттарға қарсы қару қолдануға, оларды ұстауға рұқсат берген еді. Америкалық заңдар бейбіт уақытта әскерге полиция уәкілеттерін беруге тыйым салады.

Құрама Штаттардың оңтүстік шекарасына Латын Америкасынан шыққан мигранттардың көші жақындап келеді. Олар босқын мәртебесін сұрауды көздеген. АҚШ президенті Дональд Трамп бұл көште "баскесерлер" бар дегенді бірнеше мәрте айтқан. Шекараға алты мыңға жуық америкалық жауынгер жіберілген.