Трампқа қарсы импичмент жариялау ережесі бекітілді

0
566

Трампқа қарсы импичмент жариялауға өткен жылы Ақ үй басшысы мен Зеленский арасындағы телефон әңгімесі түрткі болған.


Трампқа қарсы импичмент жариялау ережесі бекітілді

ERNUR.KZ. Қытай коронавируспен күресіп жатса, АҚШ сенаты Дональд Трампқа қарсы импичмент жариялау жолын ұқтырып, жөнін келтіретін ережені бекітіп, тиісті резолюция қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжатқа сәйкес, енді Трамп командасы мен қарсы тарапқа сот процесі аясында өз дәлелін жария етуге үш-үш күннен уақыт беріледі. Әуелгі жоспар бойынша, бұған тек 2 күн ғана бөлінуі тиіс еді. Осыдан кейін сенаторлар жазбаша түрде өз сұрақтарын қойып, пікірталасты бастай алады. Сонымен қоса куәгерлерді шақыру мәселесі енді дауыс беру арқылы шешіледі.

Айта кеткен жөн, Трампқа қарсы импичмент жайлы өкілдер палатасында басымдыққа ие демократтар бастаған еді. Оған өткен жылы Ақ үй басшысы мен Зеленский арасындағы телефон әңгімесі түрткі болған. Трамп өкілеттігін асыра пайдаланды және Конгресс жұмысына кедергі келтірді деп айыпталуда.