Түркия Ресей елшісін өлтірген қылмыскердің «кураторын» ұстады

0
1 740

Агенттік ресейлік дипломаттың өліміне қатысты тергеу аясында бірнеше адам ұсталғанын, оның ішінде үш полицей, Guru медиагруптың басшысы Хайреддин Айдынбаш және елші өлтірілген көрмені ұйымдастырушы Мұстафа Тимур Озкан бар екенін ескертеді.


Түркия Ресей елшісін өлтірген қылмыскердің «кураторын» ұстады

фото: ашық дереккөзден

Түрік арнайы қызметі РФ елшісі Андрей Карловты атып өлтірген Мевлют Мерт Алтынташтың «кураторын» ұстады. Бұл туралы бүгін Анадолы басылымы жазды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Ұсталған азамат – Түркияның Ақпараттық технологиялар басқармасының бұрынғы қызметкері.

Агенттік ресейлік дипломаттың өліміне қатысты тергеу аясында бірнеше адам ұсталғанын, оның ішінде үш полицей, Guru медиагруптың басшысы Хайреддин Айдынбаш және елші өлтірілген көрмені ұйымдастырушы Мұстафа Тимур Озкан бар екенін ескертеді, деп хабарлайды Интерфакс сайты.

Еске сала кетсек, Карловқа 2016 жылдың 19 желтоқсанында Ресейдің Анкарадағы елшілігінің ұйымдастыруымен өткен фотокөрме барысында оқ атылды. Ресейлік дипломат жарақат салдарынан қайтыс болды. Оны атқан Алтыншашты сол кезде полицейлер өлтірді.

Бұған дейін Түркия билігі оппозиция көшбасшысы Фетхуллах Гүленнің FETO қозғалысының сегіз мүшесін қамауға алды. Анкара прокуратурасы Алтыншаш Гүленді жеке танитынын хабарлаған болатын.