Түркіменстан отызға толмаған ер адамдарды шетелге жіберуге тыйым салып жатыр

0
1 420

Соңғы айларда азаматтардың Түркияға шығуы қиындап кеткен. Сонымен бірге шетелде жұмыс істеп жүрген азаматтар мен оқып жүрген студенттерді елге қайтару мәселесі қазір қолға алынған көрінеді.


Түркіменстан отызға толмаған ер адамдарды шетелге жіберуге тыйым салып жатыр

фото: centralasian.org

Түркіменстанда енді жасы отызға толмаған ер азаматтар шетелге шыға алмайды,- деп хабарлады centralasian.org Дашогус облысындағы миграция қызметінің өкіліне сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметіне қарағанда, шенеуніктер мұндай шешім азаматтардың қауіпсіздігіне байланысты қабылданып отыр деген.

"Шетелге шықпақ болған менің 27 жасымдағы танысымды облыстық миграция қызметі шақырып алып, оның жол билетін тартып алды. Оған Ашхабадтан жасы отызға толмағандарды шетелге жібермей туралы бұйрық келгенін айтқан", - дейді дереккөз.

Оның сөзінше, танысына билеттің құнын өтеп берген.

Соңғы айларда азаматтардың Түркияға шығуы қиындап кеткен. Сонымен бірге шетелде жұмыс істеп жүрген азаматтар мен оқып жүрген студенттерді елге қайтару мәселесі қазір қолға алынған көрінеді.