Түркіменстанда әйелдерге тырнақ бояуға тыйым салынды

0
1 492

Түркіменстан билігі әйелдердің сыртқы киімі мен бет бояуына қатысты жаңа талаптар енгізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркіменстанда әйелдерге тырнақ бояуға тыйым салынды

Түркіменстан билігі әйелдердің сыртқы киімі мен бет бояуына қатысты жаңа талаптар енгізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Азаттық-қа сілтеме жасап.

Азаттықтың түркімен қызметі (Азатлык) дереккөзі мен тәуелсіз ақпарат көздерінің хабарлауынша, киімге қатысты жаңа талаптар ең бірінші мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен студенттерге арналған.

Бұдан былай әйелдердің сыртқы киімі денесін түгелімен жауып тұруы керек, тек ғана шұлығы мен қолының саусақтары көрініп тұруы шарт. Осының алдында ғана "Түркіменстан хроникасы" басылымы жоғары оқу орнында дәріс беретін оқытаушыларға дәстүрлі көйлек пен балақ киюді талап еткенін жазған.

"Шенеуніктер тарихи және мәдени дәстүрді ұмытпай, ұлттық түбірімізден ажырап кетпеуіміз керек деді. Ер адамдарға жұмысқа қара-қоңыр түсті костюм, ақ көйлек, міндетті түрде галстук тағуды міндеттесе, әйелдерге "Янлы" деп аталатын дәстүрлі көйлек, сары өрнектері бар "Ойме" және көйлектің ішінен киетін балак шалбар киюді міндеттеді. Әйелдер сонымен бірге тырнақтарын боямай, жасанды кірпік, қас жапсырмай, шашын табиғи түске бояуы керек", - деп хабарлаған "Түркіменстан хроникасы" басылымы.