Цирк әртісі биіктен құлап қаза тапты

0
1 576

Оқиға сенбі күні кешкісін болған. Акробат Янн Арно қосарлы шығыршықтармен өнер көрсетіп жатқанда, қолы тайып кетіп, алты метр биіктіктен жерге құлайды. Әртіс ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.


Цирк әртісі биіктен құлап қаза тапты

АҚШ-тың Флорида штатындағы Тампа қаласында «Cirque du Soleil» деп аталатын цирк әртісі қойылым кезінде, биіктен құлап қаза тапты, дейді Sputniknews.kz.

Оқиға сенбі күні кешкісін болған. Акробат Янн Арно қосарлы шығыршықтармен өнер көрсетіп жатқанда, қолы тайып кетіп, алты метр биіктіктен жерге құлайды. Әртіс ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.

"Cirque du Soleil отбасы болған оқиғаға есеңгіреп, қатты қайғырып отыр. Янн 15 жылдан бері бізбен бірге болды, оны білген жандардың бәрі жақсы көретін", — деп мәлімдеді Cirque du Soleil бас атқарушы директоры Дэниел Ламарр

Жазатайым оқиға екеніне қарамастан, полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.