Цукерберг өзінің әлемдегі ең бай адамдар тізіміндегі 3-орнынан айырылып қалуы мүмкін
ERNUR.KZ. Facebook екі сағатта нарық бағасымен 130 млрд доллардан, ал оның негізін қалаушы Цукерберг 17 млрд долларынан айырылды, деп жазады ca-news.org.
Компанияның акциясы 25 шілде күні кешкісін 24%-ға құлаған.
Акция бағасының құлауына әсер еткен жағдай – әлемдегі ірі әлеуметтік желілердің өсім ырғағы туралы мәліметтер. Facebook осы жылдық бірінші тоқсанында-ақ 13,04 млрд доллар тапқанымен, ол күткен нәтижеден әлдеқайда аз болған.
Егер Facebook акцияларының бағасы тап осылай төмендей берсе, Цукерберг өзінің әлемдегі ең бай адамдар тізіміндегі 3-орнынан айырылып қалуы мүмкін деп жазады Bloomberg.