Түрікменстанда халық жүгері нанымен күнелтіп жатыр

0
1 915

Түрікменстанда ұн тапшылығына байланысты халық ақ жүгері нанымен күнелтіп отыр, деп жазды sputniknews.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.


Түрікменстанда халық жүгері нанымен күнелтіп жатыр

Түрікменстанда ұн тапшылығына байланысты халық ақ жүгері нанымен күнелтіп отыр, деп жазды sputniknews.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Абырой болғанда, жүгері бітік шықты. Бидай ұнын таппағандар жүгері ұнынан нан жауып жейді. Дашоғыз тұрғындары бұған дейінгі аштық жылдары да жүгерімен күнелткен. Жаңа піскен мұндай нанның дәмі жаман емес. Бірақ келесі күні ол қатып қалады, сындыру қиынға түседі. Сол себепті әйелдер жүгеріден нанды күнде пісіреді", — деді Азатлык радиосына Дашоғыз тұрғыны.

Оның айтуынша, қазір жүгері бағасы да өскен. Оның бір келісі бес манатқа (1 доллар — шамамен 3,5 манат) дейін барады. Соған байланысты, кейбір отбасылар мұндай нанға да жете алмай отыр.

Бұған дейін Түрікменстан тұрғындары кебекке көшкені туралы хабарланған еді.

Қазіргі таңда Мары және Дашоғыз уәлаяттарында Қазақстанда шығарылған ұнның бір қабы — 50 келі — 180-190 манат тұрады. Бірақ аймақ тұрғындары мұндай бағаға ұн сатып ала алмайды.

Түрікменстан билігі елдегі азық-түлік дағдарысын ресми түрде мойындамай отыр. Сарапшылар қазіргі тапшылықты табиғи ресурстарға бай Түрікменстан тарихында соңғы 25 жылда болмаған экономикалық дағдарысқа жатқызады.