Түркімен билігі Түркіменбашы туралы мақала үшін Wikipedia-ны бұғаттады

0
1 498

Уикипедия - Түркіменстанда қолданушылар ең көп кіретін сайттардың бірі.


Түркімен билігі Түркіменбашы туралы мақала үшін Wikipedia-ны бұғаттады

ERNUR.KZ. Түркіменстан Уикипедияны бұғаттады. Бұл туралы Tukmen.News басылымы хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Мәліметке қарағанда, Уикипедияданың бұғатталуына ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедов туралы мақалаға жаңа мәліметтердің қосылуы себеп болған.

5 қарашада түркімен лидері туралы мақалаға "Жеке басы және көзқарастары" деген бөлім қосылып, АҚШ-тың Ашғабадтағы елші қызметкерлерінің пікірлері салынған.

Он жыл бұрын WikiLeaks сайтында жарияланған америкалық дипломаттардың Бердімұхамедов жайында "менменшіл, кекшіл, өте консервативті, өтірікші және өзінен білімді, ақылдыларды жақтырмайды" деген пікірлері қосылған.

Alexa сараптама сайтындағы мәліметке сәйкес, Уикипедия - Түркіменстанда қолданушылар ең көп кіретін сайттардың бірі. Бұл елде тәуелсіз сайттар ашылмайды. Олардың ішінде Азаттықтың түркімен қызметінің сайты да бар. Мұнан тысқары Түркіменстанда барлық әлеуметтік желілер мен мессенджерлер бұғатталған.

"Шекарасыз тілшілер" халықаралық ұйымы жариялаған әлемдегі сөз еркіндігі рейтингінде Түркіменстан биыл ең соңғы 180-орынға жайғасқан. Халықаралық ұйымдар Бердімұхамедовтің өзін "интернеттің дұшпаны" - деп атайды.