Түркия 2023 жылы Айға өз аппаратын ұшыруды көздеп отыр

0
2 631

Бұл туралы осы елдің президенті Режеп Тайып Ердоған Ұлттық ғарыш бағдарламасын жариялау кезінде мәлімдеді.


Түркия 2023 жылы Айға өз аппаратын ұшыруды көздеп отыр

ERNUR.KZ. Түркия ғарыш саласын дамыту шеңберінде 2023 жылы Айға өз аппаратын ұшырмақ, деп жазады 24.kz.

Анкара 10 жылдық жоба аясында өз мамандарын ғарышқа ұшырып, бәсекеге қабілетті жерсеріктерін жасауды жоспарлап отыр. Жалпы Түркия өзінің ғарыш агенттігін осыдан 3 жыл бұрын құрған. Бірақ кей сарапшы мемлекет экономикалық дағдарысты бастан кешіп жатқанда қомақты қаржыны бөлу дұрыс емес деп сынға алған еді.

"Біз бағдарламаның бірінші кезеңінде өзіміздің гибридтік зымыранымызбен айға қонамыз. Ал 2028 жылы жобаның екінші кезеңінде жер орбитасына шығу үшін өзіміз жасап шығарған зымыранды қолдануды жоспарлап отырмыз"- дейді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

БАӘ ғарыш аппараты Марс орбитасына кірді Ал Біріккен Араб Әмірліктерінің «Үміт» деп аталатын ғарыш аппараты Марс орбитасына сәтті енді. Енді аппарат қызыл ғаламшар орбитасында атмосфераны зерттеумен айналысады. З

онд екі жыл бойы Марстың әр аймағындағы ауа райының жыл бойы қалай өзгеретінін зерттейді.

Айта кетейік, «Үміт» ғарыш аппараты – Біріккен Араб Әмірліктерінің өздері жасап шығарған зонд. Ол былтыр шілде айында Жапониядан ұшырылған.