Түркия Президенті шұғыл жиын өткізді

0
300

Түрлі түрік басылымдарында хабарланғандай, 9 мамырда саяси қастандық жасады деген күдікпен Анкара полиция департаментінің 4 жоғары лауазымды қызметкері ұсталды.


Түркия Президенті шұғыл жиын өткізді

ERNUR.KZ. Түркияда муниципалды сайлау өтті. Бұл сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары елдегі тұрақты жағдайды айтарлықтай шайқалтты. Түркияның ішкі саясаты тағы да дүрбелеңге түсті, деп жазады inform.kz.

Бұған дейін Парламентте сөз сөйлеген Ұлтшыл қозғалыс партиясының жетекшісі Девлет Бахчели қылмыстық топтардың жекелеген өкілдері мен бұрынғы тәртіп сақшылары елде төңкеріс ұйымдастыруды жоспарлап отырғанын айтқан.

Осыған орай 14 мамырдан 15 мамырға қараған түні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрагим Калин мен Әділет министрі Йылмаз Тунчтың қатысуымен шұғыл жиын өткізді.

Түрлі түрік басылымдарында хабарланғандай, 9 мамырда саяси қастандық жасады деген күдікпен Анкара полиция департаментінің 4 жоғары лауазымды қызметкері ұсталды. Олардың есірткі саудасымен, қару-жарақпен, шекараны заңсыз кесіп өтумен және әртүрлі қылмыстармен байланысты ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысы бар. 13 мамырда күдіктілердің тұрғылықты жерінде тінту жүргізіліп, кейбір цифрлық материалдар тәркіленді.

Кейбір жергілікті БАҚ-тың елде жоспарланған төңкеріс туралы резонансты тақырыптарын назарға алған Түркия Ішкі істер министрлігінің басшысы Али Йерликая кейбір қастандық пен бандитизмнің кез келген көрінісіне қатысты тиісті шаралар қолданылатынын айтты.

«Террористік ұйымдармен және ұйымдасқан қылмыстық топтармен ынтымақтасатындарға қажетті шараларды қабылдаймыз. Әлеуметтік желіні пайдаланып, қоғамда алауыздық туғызып, «ойын ойнауға» тырысатындардың басын көтеруге жол бермейміз. Мұндай көріністердің жолы кесіледі», – деді А.Йерликая.