Қахраманмараш қаласының тұрғындары тағы да әбігерге түсті.
ERNUR.KZ. Түркияның Қахраманмараш қаласында бүгін таңғы 9-дан 18 минут кеткенде 4 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп жазады Inbusiness.kz.
Апат және төтенше жағдайлар басқармасы таратқан мәліметке қарағанда Қахраманмараш қаласының Елбістан ауданында 4 балдық жер сілкінісі болған. Тереңдігі 14,37 шақырымға жеткен.
Айта кетейік, 6-ақпанда болған зілзала кезінде осы Елбістан ауданының тұрғындары аман қалып, ғимараттары зарар көрмеген еді.