Апаттың себебі анықталып жатыр.
ERNUR.KZ. Түркияның астанасы Анкарада автобус апатынан кем дегенде 10 адам көз жұмып, тағы 25 адам зардап шекті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Бұл туралы Анкара губернаторы Вас ип Шахин хабарлады.
Оның айтуынша, автобус Полатлы ауданындағы Анкара-Эскишехир тас жолындағы эстакада тірегіне құлаған.
Губернатордың айтуынша, апаттың себептері анықталып жатыр
«Оқиға орнында көлік дөңгелегінің ізі жоқ, яғни, жүргізуші ұйықтап кетуі мүмкін деген болжам бар», - деп қосты ол.
Синьхуа хабарлағандай, жол апаты болған жерге өрт сөндіру бригадалары, сондай-ақ іздестіру-құтқару және медициналық командалар жіберілді. Апат болған жол уақытша жабылды.