Түркияда коронавирус жұқтырды деген күдікпен 12 адам ауруханаға түсті

0
803

Қазір олар Ақсарай қаласындағы ауруханада бақылау үстінде.


Түркияда коронавирус жұқтырды деген күдікпен 12 адам ауруханаға түсті

иллюстрациялық фото: ашықдереккөз

ERNUR.KZ. Оның 10-ы Қытайдан келген туристер, деп хабарлайды «Хабар 24». Қалған екеуі жүргізуші мен туроператор қызметкері, деп жазады 24.kz.

Қазір олар Ақсарай қаласындағы ауруханада бақылау үстінде. Қытайлық туристер осы күндерде елге саяхаттап келген. Олардың ішінде, біреуі жөтелуіне байланысты кеше кешкісін медициналық ұйымға жүгінген. Сол себепті, науқастың қасындағы байланыста болған 11 кісі санитарлық- карантиндік тексеруге алынған. Қазір коронавирустың бар- жоғы әлі расталған жоқ.

"Саяхат тобындағы бір Қытай азаматы жөтелуіне байланысты ауруханаға жүгінді. Сосын қалған байланыста болған 11 кісі де Ақсарай зерттеу ауруханасына жеткізілді. Әзірге, ешқандай ауру расталған жоқ" - дейді Ақсарай провинциясының губернаторы Али Манты.

"Сақтық шарасы ретінде 24 сағатқа дейін бақылаймыз. Өкпе мен қанға сараптама жасалды. Таза шықты. Қалған анализдер денсаулық сақтау министрлігіне жіберілді. Жауап келгеннен кейін оларды ауруханадан шығарамыз" - дейді провинциялық денсаулық сақтау директоры Керим Йешилдағ.