Жүргізуші рульді басқара алмай, шағын автобус жыраға түсіп кеткен.
ERNUR.KZ. Түркияның Ван провинциясында заңсыз көшіп-қонушылар мінген шағын автобус аударылып, салдарынан 16 адам қаза тапты және 51 жолаушы зардап шекті, деп жазады ҚазАқпарат.
Жол-көлік оқиғасы Ван-Озалп жолында Ипекйолу ауданына жақын жерде болған. Жүргізуші рульді басқара алмай, шағын автобус жыраға түсіп кеткен. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы мен құтқарушылар келді.
Зардап шегушілер жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Ван провинциясының губернаторы Мехмет Эмин Билмездің хабарлауынша, кейбір жарақат алғандардың жағдайы ауыр.