Түркияда сел тасқыны құрбандарының саны 15-ке жетті

0
575

14 наурызда елдің екі провинциясында нөсер жауып, жүздеген үй су астында қалды.


Түркияда сел тасқыны құрбандарының саны 15-ке жетті

ERNUR.KZ. Түркияның оңтүстік-шығысында сел тасқынынан құрбан болғандар саны 15 адамға жетті, деп жазады ulysmedia.kz.

Бұл туралы елдің ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу мәлім етті.

"Адыяманда екі адам, Шанлыурфада 13 адам су тасқынынан қаза тапты. Жоғалған бес адамды іздеу жұмыстары жалғасуда", - деді Сойлу TRT телеарнасында.

14 наурызда елдің екі провинциясында нөсер жауып, жүздеген үй су астында қалды. Көпірлер мен жолдар қирады. Кейбір жерлерде тек қайықсыз жүру мүмкін емес. Халық қауіпсіз аудандарға эвакуацияланып жатыр. Метеорологтардың айтуынша, Адыяман және Шанлыурфа провинцияларындағы жауын-шашын кем дегенде тағы екі күнге созылады.

Қазір жауын-шашыннвң салдарынан сыртқа шыға алмай қалған тұрғындарды іздестіру жұмыстары жалғасуда.