14 наурызда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Шанлыурфа провинциясында жаңбыр салдарынан сел жүрді.
ERNUR.KZ. Шанлыурфа провинциясында нөсер жаңбыр жауып, сел жүрді. Салдарынан қаза тапқандар саны он үш адамға жетті, деп жазады zakon.kz.
14 наурызда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Шанлыурфа провинциясында жаңбыр салдарынан сел жүрді. Әкімшілік орталықтағы ауруханалар, үйлер мен жолдарды су мен лай ағындары басып қалды. Құтқарушылардың айтуынша, бес адамның мәйіті бір үйдің жертөлесінен табылған.
Ел билігі таратқан ресми ақпаратқа сүйенсек, 13 адам қаза тапты.
15 наурыз күні Түркияда толассыз жауған жаңбыр су тасқынына әкеліп соқтырды. Шанлыурфа губернаторы Салих Айхан төрт адам қаза тапқанын, екі адам із-түзсіз жоғалғанын айтты. Токат губернаторы Нуман Хатипоглу бір адам қаза тауып, төртеуі із-түзсіз жоғалғанын хабарлады.