Түркияда су тасқынынан төрт адам қаза тапты

0
834

Қазіргі кезде із-түзсіз жоғалғандар іздестіріліп жатыр.


Түркияда су тасқынынан төрт адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Түркияның орталық аймақтарында толассыз жауған жаңбыр салдарынан болған су тасқынынан төрт адам қаза тауып, жетеуі зардап шекті. Сондай-ақ із-түзсіз жоғалғандар да бар, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Hürriyet газетінің жазуынша, метеорология басқармасы сенбі күні елдің көптеген провинциясында қатты жауын-шашын болатынын ескерткен.

«Көптеген провинцияда толассыз жауған жаңбыр су тасқынына себеп болды. Ақсарайда жанар-жағармай құю бекетін су басып, көліктерді су басып, бір адам қаза тапты, жеті адам зардап шекті. Сондай-ақ қатты су тасқыны салдарынан жолдарға зақым келді. Гүлшехир ауданындағы Невшехир қаласында екі адам көлігімен бірге тасқын суға құлап қайтыс болды. Кайсериде толассыз жауған жаңбыр салдарынан арналар арнасынан асып кетті», - деп жазады басылым.

Анықталғандай, тасқын су салдарынан жер ойылып, алып шұңқырға түсіп кеткен көліктердің біріндегі 50 жастағы әйел суға батып көз жұмған, қалған 13 адам құтқарылған.

«Су тасқыны салдарынан жеңіл жарақат алған жеті адам жедел жәрдем көлігімен Ақсарай оқу-ғылым ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізілді. Мәліметтерге сәйкес, зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық, бірақ құтқарушылар із-түзсіз жоғалып кеткен әке мен баланы іздеп жатыр», - делінген хабарламада.