Түркияда туристер отырған әуе шары құлады: қаза тапқандар бар

0
919

Әуе шарының бортында барлығы 28 турист және екі экипаж мүшесі болды.


Түркияда туристер отырған әуе шары құлады: қаза тапқандар бар

ERNUR.KZ. Түрік Каппадокия аймағының Невшехир провинциясында апат болды. Онда туристер отырған әуе шары құлады, деп хабарлайды tengritravel.kz.

Жеке компанияға тиесілі шар Аванос округіндекөтеріліп, Киллик ауданына қатты қонды. Желдің кенеттен екпінінің көтерілуінің салдарынан шар ұзамай жерге құлады. Өкінішке қарай, испаниялық 2 турист қаза тапты, 3 адам жарақат алды. Әуе шарының бортында барлығы 28 турист және екі экипаж мүшесі болды.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, апат желдің күшеюінен болған. Сот және әкімшілік тергеу басталды", - делінген Невшехир губернаторының мәлімдемесінде.

Түрік билігінің мәлімдемесіне сәйкес, зардап шеккендерге көмек көрсетіледі.