Түркиядағы көмір шахтасында болған апаттан қаза тапқандар саны 40-қа жетті

0
808

Шахтадағы апат кезінде болған 110 адамның 58-і құтқарылды. Бір кеншінің тағдыры белгісіз.


Түркиядағы көмір шахтасында болған апаттан қаза тапқандар саны 40-қа жетті

ERNUR.KZ. Түркияның Бартин провинциясының Амасра ауданындағы көмір шахтасында болған апаттан қаза тапқандар саны 40-қа жетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу апатқа қатысты соңғы мәліметтермен бөлісті.

Шахтадағы апат кезінде болған 110 адамның 58-і құтқарылды. Бір кеншінің тағдыры белгісіз.

Жұма күні сағат 18.15-те Амасра аймағындағы шахталардың бірінде жарылыс болды.

Жараланғандарға жедел медициналық жәрдем көрсету үшін санитарлық авиация жұмылдырылды.

Бартин провинциясының прокуратурасы шахтадағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғады.