Түркиядағы орман өрті қонақ үйлерді шарпыды

0
459

Мармариянің Турунч елді мекені, туристтердің ең көп турақтайтын жері.


Түркиядағы орман өрті қонақ үйлерді шарпыды

ERNUR.KZ. Өрт кеше түскі уақытта басталған, деп жазады 24.kz.

Абырой болғанда барлық туристерді эвакуациялап үлгердік дейді қонақүй иелері. Десек те бір адам шығыны бар. Қазір барлық күш өртті ауыздықтауға жұмсалуда. Дегенмен жалын ырыққа көнер емес. Қонақ үйлерді өрт сөндіру көліктері, сондай-ақ тік ұшақтармен күні-түні күзетіп жатыр.

"Бұл жер Түркияның Мұғла провинциясы, Мармарис ауданы, Ишмелер елді мекенінде орналасқан. Кешелі бері өртпен күресіп жатырмыз. Жоғарыдағы ағаштардың көбі жанып кетті. Өрт қонақ үйіміздің қасына дейін келді. Өрт сөндірушілер дер кезінде сөндіріп үлгерді. Біз 3 өрт сөндіру көлігі мен бір тікұшақпен күзетіп, түні бойы өртпен арпалыстық", - дейді қонақүй директоры Екрем Аян.

Мармариянің Турунч елді мекені, туристтердің ең көп турақтайтын жері. Ол жерде өрт жалғасып жатыр. Өрт барысында бір өрт сөндіруші опат болды. Жақындарына көңіл айтамыз. Қазір елде орман өрті маусымы. Бірақ та мұндай жағдай болмаған. Бір уақытта осыншама жерде шығуы ойландырарлық жағдай. Түні бойы ормандық алқапта 20 өрт сөндіру тобы жұмыс жасады. Біз де енді есімізді жинап отырмыз.

Тағы оқыңыз: Аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау 1 қарашадан енгізіледі